Қап, әттеген-ай... «Қайрат» жолдамадан қағылды

Қап, әттеген-ай... «Қайрат» жолдамадан қағылды

Еуропа лигасының плей-офф кезеңі! «Астананың» тарихи жеңісінен кейін жігерленген оңтүстік шаһардың бас командасы «Қайратты» топтық кезең алдында соңғы кедергі күтті. Азуы алты қарыс француздың «Бордосы» Алматыда «емтихан» өткізуге дайындалып келген.

Қазақстанды Ауғанстанмен шакаралас мемлекет деп санайтын еуропалықтар қашанда бізге жоғарыдан қараған. «Атауында «стан» деген жалғауы бар елдің командасын жеңе алмасақ қай бетімізбен үйге қайтамыз» деген қорқу-қобалжу да байқалды француз ойыншыларының бойынан. Сөйтіп ойын да басталды, стадион да толды.

Мәссаған, ал керек болса! Бірінші минут – бірінші гол! Исаеэльдің алға асырған алыс пасынан кейін доп қақпа алдында тұғар Жерар Гоуға бара жатқан. «Бордо» қорғаушысы өрескел қателік жіберіп, қиғаштап ұшқан допты қақпасына бағыттап жіберді. Бізге де жылдам гол ауадай қажет-тұғын. Алма-кезек шабуылмен ойынның жарты сағаты сырғып өтті кейін. Қос команданың қақпасына да айтарлықтай қауіп төнбеді. Жарко Маркович пен Анатолий Тимощюк дуэті қоғанысты тас-түйін ұстап, қарсылас шабуылшыларды «тырп» еткізбеді. «Бордо» алғашқы таймда «мандытып» бір соққы жасаған жоқ қақпамызға. Ал «Қайрат» ойынды уыста ұстап тұрғандай сауатты жүйе құрастырып, қателік жібермеуге тырсты. Бірінші гол, әрине, басмдық берді жігіттерге. Алматылықтар көбінше контр-шабуылға иек артып, басты қаруы Жерар Гоуға сенім білдірді. Бірақ, «қара маржанның» шынайы мүмкіндігі болмады. Тайм аяқталар тұста Францияда қазақтарды ренжіткен Хазри Махби есепті теңестіре жаздады. «Қайраттың» айып алаңы маңында доп қорғаушыдан серпіліп Махбидің алдына түсті. 24-ші нөмір допты шірене тартқан. Бірақ, қуанышымызға орай дәлдік жетпеді оған.

Екінші кезеңді француздар қарқынды бастады. 55-ші минутқа дейін «Бордо» екі рет бұрыш добын көтеріп, бір қауіпті соққы жасап үлгерді. Соған қарағанда бапкер Дерек Макинес командасын үзілісте қайраған көрінеді. 63-ші минутта «Қайрат» капитаны Бауыржан Исламхан ойын ережесін бұзғаны үшін сары қағаз алды. Артынша, алматылықтардың сөніп бара жатқан алауы қайта тұтанғандай. Сол қапталмен өрбіген шабуыл кезінде ойыншымызға қарсы ереже бұзылды. Айып добын Исаэль Барбоза орындаған. Қақпаға тура ұшқан допты Жером Приор қайтарды. Бірақ спорттық снаряд дәл Исламбек Қуаттың алдына келіп «топ» ете түсті. 20-шы нөміріміз қақпа торын жойқын соққымен «бүлк» еткізді. 2:0!

Керемет ойын, тамаша қолдау... «Бордо» ұйқыдан оянғандай ала сұра шабуылға көшті. Француздардың бапкері алаңға тыңнан екі ойыншыны шығарды. 75 минутта стадион «аһ» ұрды. Әріптесін алмастырған «Бордо» ойыншысы Енцо Кривелли қақпамызға гол соғып кетті. Қарбалас сәтте қаңғыған допты құйтырқы әдіспен Плотниковтың қасынан өткізген 27-і нөмір командасына қуаныш сыйлаған. Ойынның аяқталуына 10 минут қалғанда Исламханды Деспотович алмастырды. Өкінішке қарай, «Қайрат» ойыншылары сауатты шабуыл ұйымдастырудың орнына допты құр алға асыра берді. Берген пастан қате кетіп, соққыға жағдай жетпеді. 87-і минутта Исламбек Қуатты Жамбыл Көкев алмастырды. Топтық кезеңге өту жолында құйтырғы әрекеттерге де барған «Бордо» футболшылары уақытты созып сары қағаздар коллекциясын жинауға кірісті. Соңғы минуттар… Жерар Гоу барша Қазақстанға бақыт сыйлайтын мүмкіндігін жіберіп алды. Қақпашымен бірге-бір шыққан шабуылшымыз допты қақпадан қиыс тепті. Үкілеген үміттер көке ұшты… Дегенмен, тамаша еуромаусым өткізген Владимир Вайсстың командасына 25 мың жанкүйер тұра келіп қол шапалақтады...

Еуропа Лигасы. Плей-офф. Қарымта кездесу (0:1 – алғашқы ойын).

«Қайрат» - «Бордо» - 2:1 (0:0)

Голдар: Ямбере 1 (автогол), Қуат 65 – Кривелли 75

«Қайрат»: Плотников, Соарес, Маркович, Бакаев, Исламхан (Деспотович), Исаэл, Гоу, Қуантаев, Риера, Қуат, Тимощук

«Бордо»: Приор, Паллуа, Траоре, Ролан (Кривелли), Севе, Кисэ, Бийого, Ямбере, Хазри, Гилберд, Пундже

Төрешілер: Нейхейс, Роб ван де Вен, Схаап (Нидерланды)

Ескертулер: Тимощук 37 – Траоре 23, Хазри 37, Кривелли 84

27 тамыз 2015. Алматы. Орталық стадион.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или