Самбошылар мен каратэшілер ТМД II ойындарында қоржынға кезекті алтын медальдарды салды
Беларусь Республикасында өтіп жатқан ТМД елдерінің II ойындарында самбошылар мен каратэшілеріміз табысты өнер көрсетіп, әнұранымызды шырқатты.
Жлобин қаласында самбодан жарыстың алғашқы күні Ұлттық құрама спортшылары 2 алтын және 3 қола медаль иеленді. Атап айтар болсақ, Жасұлан Нариманов (58 кг) пен Арнұр Қуатай (71 кг) өз салмағында қарсылас шақ келтірген жоқ. Ал Еламан Қойшыбаев (88 кг), Айжан Жылқыбаева (50 кг), Шынар Абатова (72 кг) қола жүлдегер атанды.

WKF каратэден бірінші жарыс күні ката бағдарламасында Лия Қошқарбаева алтыннан алқа тақты. Ал кумите бағдарламасында Әбілмансұр Батырғали финалға дейін сүрінбей жеткенімен, бас жүлде жолында қарсыласқа жол берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или