Елбасы «Астананы» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өткенімен құттықтады

Мемлекет басшысы елордалық команданы тарихи жетістік жанкешті ойынның, ынтымақтың, шебер бапкерлік жұмыс пен жанкүйерлердің қызу қолдауының нәтижесі екенін атап өтті, деп хабарлайды «PROСПОРТ» akorda.kz сайтына сілтеме жасап.

«Команданың табысы бүкіл Қазақстан халқын тұтастыра түсті. Бұл оқиға спортты елімізде одан әрі танымал ете түсу үшін тың серпін беретініне сенімдімін.

«Астананы» енді футболдағы әлемдік алып командалармен бәсекелер күтіп тұр. Бұл біздің жанкүйерлерімізге жаңа сапалық деңгейдегі ойындарды көзбен көруге мүмкіндік береді», – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтардың атынан командаға жарқын жеңістер тіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или