«Қазақстандықтар өте мейірімді халық». Рори Хиггинс - Қостанайға келуі туралы

«Қазақстандықтар өте мейірімді халық». Рори Хиггинс - Қостанайға келуі туралы

«Дерри Ситидің» бас бапкері Рори Хиггинс Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында «Тобылға» қарсы матч туралы пікір білдірді.

– Рори, матчқа қатысты ойыңызды айтыңызшы.

– Біз бар әлеуетімізді толық көрсете алмадық деп ойлаймын. Олар керемет гол соқты. Дегенмен, интрига әлі бар.

– «Тобыл» «Дерриден» қай жағынан басым болды?

– «Тобыл» өз алаңында ойнады, бірінші таймда оларда бірнеше қауіпті сәт болды. Бірақ ойынның екінші жартысында біз өзімізді жақсырақ көрсеттік. Келесі аптада жеңіске жету үшін қолымыздан келгеннің бәрін көрсетеміз.

– Стадион мен ондағы атмосфера туралы не ойлайсыз?

– Атмосфера шынымен керемет болды! Үйдегі қолдау қонақ командаға әрқашан ауыр қысым келтіреді. Қазақстандықтар өте мейірімді халық, бізге бұл жер өте ұнады. Келесі аптада кездескенше.

– Қарымта ойынға болжамыңызды бөліссеңіз.

Жоғарыда айтып өткенімдей, өз алаңымыздағы қолдау плей-офф кезеңіне өтуімізге көмектеседі деп сенеміз. Соған қарамастан, бізді қиын ойын күтіп тұрғанын білеміз, бірақ біз өз күшімізге сенеміз.

– «Тобылға» қарсы матч алдында қорқыныш болды ма? Себебі қостанайлықтар швейцариялық «Базельді» турнирден ұшырып жіберді.

– Жоқ, бізде қорқыныш емес, тек құрмет болды.

Фото: Derry Journal

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или