«Астана» УЕФА клубтар рейтингісінде 44 сатыға көтерілді

«Астана» УЕФА клубтар рейтингісінде 44 сатыға көтерілді

Футболдан Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан елордалық «Астана» УЕФА клубтар рейтингінде 44 саты жоғарылады. Нәтижесінде отандық клубтар арасында «Ақтөбені» басып озды.

Станимир Стойлов шәкірттері Кипрдің АПОЭЛ клубын жеңгеннен кейін ұпай қорын молайта түсті. Топтық кезеңге өткені үшін 4 ұпай алып, УЕФА клубтар рейтингінде 178-орынға көтерілді. Қазақстандық клубтың еншісінде 8,325 ұпай бар. Сондай-ақ, Қазақстан ұлттық құрамасының да коэфициенттер рейтингінде нәтижесі көтеріліп, 26-орынға жақындай түсті. Айта кетейік, қазіргі таңда Еуропаның клубтар рейтингіне 454 клуб бар. Бұл санаттағы тізімге соңғы 5 жылда еурододаға қатысқан футбол ұжымдары ғана енеді.

Қазақстандық клубтар арасында осыған дейін «Ақтөбе» алда тұрған болатын. «Астананың» сәтті ойынынан кейін батысқазақстандық клуб отандық ұжымдар арасында екінші орынға сырғыды. «Ақтөбе» 7,825 ұпаймен 186-орында. Ал қарағандылық «Шахтер» 7,075 ұпаймен 200-орынға жайғасқан. «Қайрат» болса 4,575 ұпаймен 276-орында тұр.

Массагет.кз сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или