Станимир Стойлов: «Жақсы ойнаған команда жеңіске жете бермейді»

«Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов кипрлік АПОЭЛ-ге қарсы ойынның нәтижесі туралы пікірін айтты, «PROСПОРТ».

«Бұл клубымыз және бүкіл Қазақстан үшін ұлы жеңіс. Бұл ауыр матч болды, себебі АПОЭЛ жақсы ойнады, бірақ футболда үздік ойнаған команда жеңіске жете бермейді. Кипрліктер гол салып, жеңіске бір табан жақын болған. Бірақ мұндай деңгейде соңғы минутқа дейін ештеңе анықталмайды. Біз гол салып, өзімізге керекті нәтижеге қол жеткізе алдық. Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өткенімізге қуаныштымыз», - деді Стойлов.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық ұжым Чемпиондар лиганың плэй-офф кезеңінде кипрлік АПОЭЛ-ді екі ойынның қорытындысы бойынша 2:1 есебімен жеңді. Осылайша, «Астана» қаазқстандық клубтардың ішінде бірінші болып Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или