Георгий Черданцев: «Астанаға» әлемдік грандтың түсуін тілеймін»

Ресейлік белгілі спорт комментаторы Георгий Черданцев елордалық «Астанаға» Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде әлемдік грандтармен кездесуді тіледі, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Астана» Чемпиондар лигасында гол сала ма немесе бір ұпай жинай ма, білмеймін. Бірақ «Астанаға» «Манчестер Юнайтед», «Барселона» және «Реалдың» түсуін тілеймін. Себебі мұндай деңгейдегі командалардың келуі ел футболының дамуына өз септігін тигізеді. Тіпті, олар он гол айырмашылығымен ұтса да, атағы жоқ командалардың келгенінен жақсы», - деді Черданцев «НТВ+футбол» телеарнасының тікелей эфирінде.

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық команда екі ойынның нәтижесі бойынша кипрлік АПОЭЛ-ді жеңіп, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті. Бүгін, 27 тамызда «Астананың» қарсыластары белгілі болады. Жеребе тарту рәсімі УЕФА-ның швейцариялық Ньондағы штаб-пәтерінде өтеді, басталуы – Астана уақытымен 21:45-те.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или