Көптен күткен ұлы той! «Астана» - Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде

Көптен күткен ұлы той! «Астана» - Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде

Елордалық «Астана» УЕФА Чемпиондар лигасы плэй-офф кезеңі аясында Никосияда өткен қарымта матчта АПОЭЛ-мен тең тарқасып, Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.

Бір апта бұрын «Астана Аренада» өткен ойынның нәтижесі Никосиядағы қарымта матчқа үмітпен қарауға мүмкіндік берген. «Астана» футболшылары да өздеріне артылған сенімді абыроймен ақтады.

Ойынды алаң иелері белсенді бастады. Тіпті, алғашқы минутта-ақ Ненад Эрич иелігіне жақын тұста айып соққысын орындады. Бірақ қос команда да бір-бірінің қақпасына айтарлық қауіпті ештеңе жасай алмады. 14-минутта Фокси Кетевоама екі қорғаушының ортасында тұрып, қақпаға дәл соққы жасап үлгерген. Бірақ Фокси Ватерманның дәл қолына тепті.

Жалпы, бірінші таймның АПОЭЛ ойыншыларының басымдығымен өтті. Астаналықтар уақыттың басым көпшілігін қорғанумен өткізді, ал қарымта шабуылдардың бәрі де нәтижесіз аяқталып жатты.

35-минутта Бауыржан Жолшиев Фоксиден тамаша пас алып, айып алаңында бір қорғаушыны алдап өтті де, қақпаға соққы бағыттаған. Ватерман командасын құтқарып қалды. Бұған никосиялықтар қауіпті қарымта шабуылмен жауап қатты. Луиш Леал қорғаушылармен арпалыса жүріп, Эрич қақпасын нысанаға алған – доп алдымен «Астана» голкиперінің қолына, кейін бағанаға тиді. 43-минутта Дмитрий Шомко алыстан Ватерманның қырағылығын тексеріп көрді – қақпашы орнында.

52-минутта алаң иелері тамаша мүмкіндікті жіберіп алды. Оң қанаттан Марио Сержиудің әуелеткен пасын қорғаушылардың қарауынсыз қалған Де Винсенти голға айналдырмақ болған, бірақ оның баспен жасаған соққысы қиыс кетті. Араға сегіз минут салып алаң иелері алға шықты. Севи Штилич қақпадан 27 метр қашықтықта айып соққысын голға айналдыра алды – 1:0.

Жеңістің иісін сезген алаң иелері шабуылдарын үдете түсті. 69-минутта бұрыштан әуелеген доп айып алаңында жалғыз тұрған Де Винсентеге келіп жетті, жартылай қорғаушы көп ойланбай соққы жасады – Эрич командасын жүз пайыз голдан аман алып қалды.

Ойынның 85-минуты, шамасы, барша қазақстандық жанкүйерлердің есінде қалатын болар. Бауыржан Жолшиев екі қорғаушыны алдап өтіп, Неманья Максимовичке пас қалдырды. Сербия жастар құрамасына әлем чемпионы атағын алып берген жас ойыншы бос қақпаны дәл көздеп, таразы басын теңестіріп тастады. Енді АПОЭЛ-ге қалған уақытта екі гол салу керек болатын. «Астана» қорғаушылары ендігі уақытта сыр бермей, өздеріне қажетті тең есепті сақтап қала алды.

Осылайша, «Астана» Қазақстан клубтарының ішінде алғашқы болып Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде доп тебетін болады!

АПОЭЛ – «Астана» 1:1 (0:0)

Голдар: 1:0 – Штилич 60, 1:1 – Максимович 85

АПОЭЛ: Ватерман, Карлао (Гильерме 83), Антониадес, Макридис (Хараламбидис 55), Де Винcенти, Леал, Штилич, Астис, Мораиш, Сержиу, Вандер;

«Астана»: Эрич, Аничич, Максимович, Жуков  (Бейсебеков 89), Кетевоама (Щеткин 90), Нөсербаев (Кабананга 68), Жолшиев, Илич, Постников, Шомко, Каньяс;

Ескертулер: Де Винсенти 32, Хараламбидис 61, Вандер 88 – Илич 37, Шомко 63, Каньяс 71, Аничич 88

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или