Елімізде 4 футбол академиясын ашу жоспарда бар

Елімізде 4 футбол академиясын ашу жоспарда бар

2012 жылдан бері Қазақстанның 14 қаласында футбол орталықтары жұмыс жасап келеді. Өңір-өңірлердегі талантты балалардың үлкен футболға қадам жасауына мұндай орталықтардың маңызы зор. Алдағы уақытта елімізде 4 футбол академиясын ашу жоспарда бар.

Азамат Айтхожин, Қазақстан Футбол Федерациясының бас хатшысы:

- Мысалы мынау «Қайрат» академиясы қандай мықты. Голландияның бағдарламасымен жұмыс жасап жатыр. Осындай академиялар елімізде ашыла берсе, ертең Қазақстан құрамасында белді-белді азаматтарымыз ойнайды, жақсы футболшылар  шығады деп ойлаймын.

Сондай-ақ Алматыда әуесқой теннисшілер Қазақстан кубогын сарапқа салды. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жыл сайын өтетін командалық турнирге биыл Қырғыз елінен де үміткерлер келді. Жекелей және жұптасып сынға түскен қарсыластар жүлделі орындарды өз ара бөлісті. Ақтық сында Алматының «Әлем» командасымен Қырғыздардың Бішкек құрамасы жолыққан болатын. Тартысты өткен кездесуде корт иелері басымдылық байқатып, ел кубогына иелік етті. Вуельта велобәйгесінің 3-ші кезеңінде Словакиялық Петер Саган топ жарды. 158 шақырымды 4 сағат 6 минут 46 секундтта жүріп өткен Тинкоф Саксо командасының велошабандозы жалпы есептегі жағдайын біршаме жақсартып алды. Бас жүлдеден үміткерлердің бірі Нибалидың жарыстан шығып қалғаны белгілі. Енді Астана командасының жігіттері жалпы есепте кімге жұмыс жасарын білмей бас қатыруда. Өйткені Италиялық Фабио Ару мен испаниялық Мигел Ланда жалпы есепте қатар келеді. Әзірше 10-шы орындағы Ару мен 11-ші сатыдағы Ланда арасын бар болғаны 4 секунд қана бөліп тұр.

Baq.kz сайтының материалы бойынша

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или