«4 жыл бұрын қайтыс болған анамды балағаттады». Данил Устименко Андрия Филиповичпен жанжал туралы

«4 жыл бұрын қайтыс болған анамды балағаттады». Данил Устименко Андрия Филиповичпен жанжал туралы

Алматылық «Қайрат» қақпашысы Данил Устименко Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзив сұхбатында «Ақтөбеге» қарсы матч пен Андрия Филиповичпен жанжалы туралы пікір білдірді.

- Сәлеметсіз бе, Данил, «Ақтөбеге» қарсы ойыннан алған әсеріңізді бөліссеңіз?

- Қайырлы кеш! Ең алдымен, ұзақ жол жүріп, маңызды матчта бізді қолдаған клубымыздың жанкүйерлеріне алғысымды білдіремін.

«Ақтөбеге» қарсы матчтар үнемі тартысты өтеді. Екі команда да жеңіске жету үшін ойнады, өкінішке қарай, үш ұпайды алып кете алмадық.

- Қарсыластың шабуылшысы Андрия Филиповичпен араларыңызда не болды?

– Ақтөбеліктердің соққан үшінші голынан кейін Филипович менің анамды серб тілінде балағаттады. Келесі сәтте ол 4 жыл бұрын қайтыс болған анамды тағы да балағаттады. Мен эмоциямды ұстай алмай, оны итеріп жібердім, бұл үшін футбол қауымдастығынан кешірім сұраймын, бірақ мен мұндай әрекетті орынсыз деп санаймын және менің орнымда болса кез келген адам солай жасар еді деп ойлаймын.

Ең таңғалдырғаны Филиповичтің сұхбаты, онда ол ештеңе айтпағанын және оны неліктен итеріп жібергенімді түсінбегенін айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или