Қазақстандық шабуылшы Беларусь чемпионатында гол соқты

Қазақстандық шабуылшы Беларусь чемпионатында гол соқты

Футболдан Беларусь чемпионатында «Ислочь» командасының қазақстандық шабуылшысы Денис Митрофанов гол соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.

16-турдағы кездесуде «Ислочь» Минскінің «Динамосынан» 2:3 есебімен жеңілді. Митрофанов 55-минутта қосалқы құрамнан алаңға шығып, 70-минутта гол соқты. 

Айта кетейік, 15 ойыннан кейін «Ислочь» 21 ұпаймен Беларусь чемпионатының турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр. Ал «Динамо» 35 ұпаймен бірінші сатыға жайғасқан. <span id="pastemarkerend" />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или