Хаби Алонсо «Реал Мадрид» бас бапкері қызметіне негізгі үміткер саналады

Хаби Алонсо «Реал Мадрид» бас бапкері қызметіне негізгі үміткер саналады

«Реал Мадрид» «Байердің» бас бапкері Хаби Алонсоны Карло Анчелоттидің орнына басты үміткер ретінде қарастыруды жалғастырып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

OKDiario ақпараты бойынша, 2024 жылы Анчелоттидің мадридтік клубпен келісімшарты аяқталғаннан кейін Алонсо тағайындалуы мүмкін. Егер италиялық маман 2023/24 маусымында клубтан кетсе, жағдай өзгеруі мүмкін. Ол кезде клубты Рауль басқаруы мүмкін.

Тамыз айының басында «Байер» Алонсомен келісімшартты 2026 жылға дейін ұзартқанын хабарлаған. Испаниялық бапкер команданы 2022 жылдың қазан айынан бастап басқарып келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или