Аничич Босния құрамасына шақыртылды
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Астананың» қорғаушысы Марин Аничич Босния ұлттық құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Бұған дейін 26-жастағы ойыншы Босния жастар құрамасында өнер көрсеткен. Аничичтен өзге Босния құрамасында «Челсидің» қақпашысы Асмир Бегович, «Романың» ойыншылары Эдин Джеко мен Миралем Пьянич, «Гамбургтың» қорғаушысы Эмир Спахич және тағы басқа мықты ойыншылар ойнайды. </p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, Босния құрамасы қыркүйектің 3-і Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Бельгиямен, ал 6-шы қыркүйек күні Андоррамен күш сынасады. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или