Йозеф Блаттер: «Менде ұят бар, мен арлы адаммын. Мен тазамын»

ФИФА президенті Йозеф Блаттер өзінің жемқорлыққа қатысты еместігін айтып ақталып бақты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Футболда жемқорлық жоқ, ФИФА да, мен де тазамын. Егер қиянат жасалған болса, оған жекелей адамдар ғана кінәлі, деді әлемдік футбол федерациясының басшысы Йозеф Блаттер, Би-би-сиге берген сұхбатында.

Блаттер ФИФА-ға 1998 жылдан бері жетекшілік етіп келеді. Отставкаға 2016 жылдың ақпанында кетеді. 79 жастағы швейцариялық мамыр айында 5-ші рет сайланған болатын, алайда ұйымда жемқорлыққа қатысты даудан кейін отставкаға кететінін мәлімдеді.

«Мен ФИФА-ны қорғағым келгендіктен осындай қадамға бардым, әйтпесе, мен өзім үшін жауап бере аламын, менің оған күш-қуатым жетеді. Мен осы уақыт аралығында не тындырғанымды және не жасай алмай кетіп бара жатқанымды жақсы білемін. Менде ұят бар, мен арлы адаммын. Мен тазамын», - деді Блаттер сұхбатында.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или