Қазақстандық балуан қыздар Польшадағы турнирде бес медаль жеңіп алды
Польша астанасы Варшава қаласында күрестен XXVII Poland Open халықаралық жарысы өтіп жатыр.
Қазақстан әйелдер құрамасы өз өнерін аяқтап, бәсекеде 2 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.
Финалға шыққан Ирина Казюлина (65 кг) украиналық Юлия Лесковецке, ал Анастасия Панассович (72 кг) франциялық Кендра Огюстен Джоселин Дачерге жол берді.
Сондай-ақ Айнұр Әшімова (55 кг), Диана Каюмова мен Гүлдана Бекеш (59 кг) өз салмағында үздік үштікті түйіндеді.
Жалпыкомандалық есепте Польша құрамасы бірінші болса, Қазақстан мен Канада үздік үштікті түйіндеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или