Александр Бублик жұптық сында АТР-500 турнирінің іріктеу кезеңінен мүдірмей өтті

Александр Бублик жұптық сында АТР-500 турнирінің іріктеу кезеңінен мүдірмей өтті
Бүгіндері Вашингтонда (АҚШ) теннистен ATR-500 турнирі өтіп жатыр. Қазақстанның алғашқы ракеткасы Александр Бублик жұптық сында іріктеу кезеңінен мүдірмей өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іріктеу кезеңінің финалында қазақстандық Нидерланды елінің спортшысы Таллон Грикспурмен тізе қосып,  үндістандық тандэм - Анируд Чандрасекар-Виджай Сундар Прашантты 7:5, 4:6, 10:6 есебімен жеңді.

1 сағат 27 минут барысында қазақстандық-Нидерланды дуэті жеті эйс орындап, екі рет қателікке жол берді және бес брейк-поинттың екеуін сәтті жүзеге асырды.

Турнирдің бірінші айналымында Бублик пен Грикспурды мықты қарсыластар күтіп тұр. Олар жергілікті жанкүйерлердің сүйікті ойыншылары - Бен Шелтон мен Маккензи Макдональд (АҚШ).

Жекелей сында Александр Бублик өз ойынын екінші айналымнан бастайды.

Бұған дейін Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы әлемдік рейтингте өз позициясын жақсартып алған болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или