Есіміңде не сыр бар, Сергей?

Есіміңде не сыр бар, Сергей?

Ақтөбелік жергілікті газеттердің бірі «Ақтөбе» футбол клубына арналған мақаласының бір бөліміне дәл осындай тақырып қойған. Расымен-ақ, ойландырар сұрақ: есіміңде не сыр бар, Серёжа? Соңғы он жылда «Ақтөбенің»  жейдесін киген Сергей есімді бірнеше шабуылшы болып, оның басым көпшілігі сүреңсіз ойынымен ғана көзге түсті. «PROСПОРТ» тілшісі пентакампеондар сапындағы форвард Сергейлерді есіне түсіріп көрді.

«Ақтөбе» құрылғалы бері клуб сапындағы бүкіл Сергейлерді есімізге алмасақ та, батысқазақстандықтардың нағыз чемпиондық жылынан, яғни 2005 жылдан бастап команда намысын қорғаған Сергей есімді шабуылшыларды айтайық. Сенсеңіз, осының өзі жеткілікті.

«Ақтөбедегі» форвард Сергейлердің көшін молдавалық Сергей Рогачев бастайды. Ақтөбелік жанкүйерлерге 27-нөмірмен есте қалған бұл форвард, расын айтқанда, барша фанаттардың сүйіктісі болатын. 2006 жылы «Ақтөбенің» жейдесін Молдавия ұлттық құрамасының ойыншысы киіп, екі маусым бойы сол кездегі Владимир Мұқанов командасының шабуылдағы негізгі күші болды. Рогачев екі маусымда 57 ресми матч өткізіп, 32 гол соққан. Мойындаңыз, бұл – Қазақстан чемпионатының деңгейі бойынша өте жақсы нәтиже. 2007 жылы «Ақтөбенің» чемпион атануына осы Сергейдің қосқан үлесі зор. Кейін бұл шабуылшы Ресей, Молдавия біріншіліктеріне кетіп қалды.

Рогачев клубтан кеткен соң, Мұқанов оның орнын басатын басқа бір голеодор іздеуге кірісті. Нәтижесінде, 2008 жылы команда құрамын ресейлік Сергей Струков толықтырды. Рогачевтің жолын берсін десе керек, ол да 27-нөмірді арқасына тақты. Сөйтсек, бекер емес екен. Струков та келген жылы команда ойынына дем беріп, жанкүйерлерді голдарымен қуанта түсті. Ресейлік шабуылшы өзі үшін алғашқы матчы болған Қазақстан Суперкубогында қостанайлық «Тобыл» қақпасына дубль жасап, өз командасына жеңіс сыйлады.  Осындай жеңісті қарқынмен Струков «Ақтөбе» сапында толық екі маусым өткізді. Осы жылдар арасында Сергей екі рет Қазақстан чемпионы атанып, ел кубогы мен Суперкубогын иеленді. Тіпті, Еуропа лигасының плэй-офф кезеңінде қонақта «Вердер» қақпасына екі гол соққаны есімізде. Ресейлік форвард, жалпы алғанда, 66 матчқа қатысып, 21 рет көзге түскен. Әрине,  Рогачевтікі сияқты керемет нәтиже емес, бірақ бұл шабуылшы керек кезінде  гол соға алуымен ерекшеленетін. Сонымен, 2010 жылдың ортасында екіжақты келісім бойынша Струков «Ақтөбе» сапынан кетіп, отанына оралды. Бірақ көп ұзамай Қазақстанға қайта келіп, әлі күнге дейін осында доп теуіп жүр.

Шабуылшы Сергейлерге қатты көңілі толса керек, «Ақтөбе» содан кейін бірнеше Сергей есімді форвардтарды қатарына қосты. Бірақ олардың ешбірі де Рогачев пен Струковтың нәтижесін қайталай алмады. 2009 жылы Сергей Остапенко ақтөбеліктердің жейдесін киді. Бірақ Қазақстан құрамасының шабуылшысы команда сапына еніп кете алмады. Бар жоғы тоғыз ойынға ғана қатысқан Остапенко бір гол да соқпады. Кейін жарақат алып, нәтижесінде 2010 жылы елордалық «Локомотивке» ауысты. Бірақ сол трансферден кейін де Остапенконың мансабы өрге домалады деуге келмес. 29 жастағы форвардтың бір маусымдағы голдар саны 10-ға да жетпей жүр.

Қазақстан чемпионатының тәртібі бойынша әр ойында алаңда 21 жасқа толмаған екі ойыншы болуы тиіс. Бұл – 2011 жылдағы регламент. Сондықтан дубль құрамынан  «Ақтөбе» сапына 20 жасар шабуылшы Сергей Лисенков шақырылды. Қазақстан чемпионатындағы дебюттік ойынын 2009 жылы өткізіп қойғанына қарамастан, жас форвард негізгі құрамның толық мүшесі ретінде 2011 жылы алаңға шыға бастады. Әйтсе де, Лисенков көптеген жанкүйерлердің көңілінен шықпаған болатын. Сергей өзі түлеп шыққан клубта 2014 жылға дейін өнер көрсетті. Қазақстан чемпионатының жүлдегері атанып, тіпті, Еуропа лигасында «АЗ Алкмаарға» қарсы ойнаған. Болашағынан үміт күттірген форвард «Ақтөбе» сапында 43 матч өткізіп, 9 гол соқты. Былтыр Бірінші лигадағы оралдық «Ақжайыққа» ауысса, биыл «Мақтааралдың» жейдесін киді. Шабуылшы әлі де болса, өз ойынын көрсете алмай жүр.

2013 жылы команда сапын қос Сергей толтырды. Алдымен маусым алдындағы трансфер уақытында Сергей Гридин «Ақтөбеге» ауысты. Қазақстанның бірнеше клубында өнер көрсетіп үлгерген форвард Владимир Никитенконың ойын стиліне келмеген сыңайлы. Қазақстан чемпионатында 24 матч өткізген ол, бар-жоғы үш-ақ гол соқты. Кей қорғаушылар маусымда 4-5 голмен көзге түскенде шабуылшы үшін бұл тіпті ұят көрсеткіш. Ел Кубогы мен Еуропа лигасын қосқанда, Гридин 32 матчта 7 гол соққан екен. Гридиннің сүреңсіз ойынынан соң, 2013 жылдың маусымында ресейлік Сергей Давыдов жалға алынды. Ол Қазақстан чемпионатында 10 гол соғуды мақсат қылған болатын. Бірақ ресейлік форвард мақсатының бестен бір бөлігін ғана орындады. Яғни, ішкі біріншілікте екі-ақ голме көзге түсе алды. Оған Еуропа лигасындағы үш голын қосыңыз. Сонымен, Давыдов «Ақтөбе» сапында 16 матчқа қатысып, бес гол соққан. Маусым біткен соң, ақтөбеліктер Давыдовты оқу-жаттығу жиындарына алмай, ойыншымен келісім-шарт бұзылған болатын.

Биыл «Ақтөбе» сапына тағы бір форвард Сергей келді. Бұл – Хижниченко. Қарағандылық «Шахтермен» Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықан жігіт. Артынша польшалық «Коронаға» ауысқан Сергей  26 матч өткізіп, шетелдік біріншілікте бір-ақ гол соққан. Биылғы Қазақстан чемпионатының  19-турында көкшетаулық «Оқжетпеске» хет-трик жасап, қанжығасын біраз майлап алғаны болмаса, Хижниченко жүз пайыздық мүмкіндіктерді желге ұшыратын шабуылшы. Маркос Пизелли, Неко, Чиприян Дяк секілді тәжірибелі жартылай қорғаушылардың пастарын жиі голға айналдыра алса, бүгінде сұрмергендер тізімінде Жерар Гоуға бәсекелес болып келе жататына еді ғой. Әзірше Хижниченко 19 матчта 8 рет көзге түскен.

Міне, «Ақтөбенің» шабуылшы Сергейлері осындай. Өткен онжылдықта гол соғудың нағыз шеберлері болған Рогачев, Струков секілді форвардтардың ізінен жанкүйерлер мен мамандардың сынына жиі ұшырайтын Сергейлер тап болды. Ал Хижниченко биыл-ақ өз жанкүйерлерін қуантып, қарсылас қақпасын сирек нысаналайтын Сергейлер тізіміне тоқтау болсын деп үміттенейік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или