Дмитрий Черышев: «Қазақстанда футбол дамып келеді»

Бұрынғы «Ертіс» клубының бас бапкері, қазіргі Испаниялық «Севильяның» бас бапкері Унаи Эмеридің көмекшісі Дмитрий Черышев Қазақстан футболы жайлы пікірін білдірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

– «Ертістегі» кезеңді қалай бағалайсыз?

– Бір нәрсе айтайын. Бұл мен үшін ең жақсы тәжірибе жинаған уақыт болды.

– Тіпті, сізді қызметіңізден өз қалауыңыздан тыс босатып жіберсе де осындай көзқарастасыз ба?

– Әлбетте. Менің уақытымда командада нәтиже болмады деуге келмейді. Біз команданы белгілі бір кезеңге дайындадық. Сол еңбегіміз текке кеткен жоқ. Команда өз ойынын тапты. Қазір алғашқы алтылықта. Бұған менің де қосқан үлесім бар деп білемін.

– Сонда «Ертіс» басшыларымен ешқандай кикілжіңсіз мәдениетті түрде қоштастыңыздар ма?

– Әрине! «Ертіс» клубымен өте жылы қоштастым. Үнемі команданың нәтижелерін қарап отырамын. Футболшылардың барлығына сәттілік тілеймін. Қазақстан чемпионатында жүлдеге ілігеді деп сенемін. Олар үшін үнемі алаңдап отыратынымды айта кетейін.

– «Астана» Чемпиондар лигасының соңғы іріктеу кезеңіне жетті. «Қайрат» Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтуге жақын қалды. Бұл Қазақстан чемпионаты деңгейінің өскенін көрсете ме?

– Қазақстан чемпионатының деңгейі төмен деп көпшілігі қателеседі. Негізі олай емес. Қызықты әрі қиын турнир. Бірінші кезекте, мықты легионерлер өте көп келуде. «Қайрат» командасының ойыны өте керемет. «Астана» футболшылары да қызықты ойын көрсетіп жүр. Мен «Ертістің» бас бапкері болғанда, «Астанамен» сырт алаңда 2:2 есебімен тең ойнаған болатынбыз. Қазақстанда футбол дамып келеді. Тіпті, аутсайдер командалардың өзі фавориттерге кәдімгідей қарсылық көрсете алады.

baq.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или