Лионель Месси «Интер Майами» сапында алғаш рет дубль авторы атанды. Видео

MLS + MX лига кубогының 2-ші раундының матчы аяқталды, онда «Интер Майами» өз алаңында «Атланта Юнайтедті» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 4:0 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
«Интер Майами» шабуылшысыЛионель Месси дубль жасап, нәтижелі пас берді. Ойынның сегізінші минутында аргентиналық матчта есеп ашса, 22-минутта өз командасының басымдығын еселей түсті. Төртінші гол соғылар сәтте Роберт Тейлорға нәтижелі пас берді.
Еске салайық, Месси «Интер Майами» сапында Крус Азульмен кездесуде дебют жасаған болатын. Ойыншы алаңға 54-минутта кірді. Бұл кездесуде аргентиналық шабуылшы клуб сапындағы алғашқы голын 94-минутта айып добынан соқты.