Максим Шевченко: «Түк те түсінбеймін, легионерлер не үшін дубльде ойнайды?»

«Қайрат» ФК дубльдік құрамының бас бапкері Максим Шевченко «Ертіске» қарсы ойында павлодарлықтар сапында негізгі команданың екі легионері ойнағанына көңілі толмады, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Айта кетейік, «Қайрат» пен «Ертіс» арасындағы дубль құрамдарының матчында қонақтар сапында негізгі команда легионерлері Антонио Феррейра мен Мұстафа Жаржу ойнаған болатын. Соған қарамастан, «Қайрат» жастары павлодарлықтарды 2:0 есебімен тізе бүктірді.

«Түк те түсінбеймін, легионерлер не үшін дубльде ойнайды? Біздің жігіттер, біз тәрбиелеп жатқан жігіттердің ойнауы тиіс. Жастарға негізгі командаларда орын жетпей жүр, себебі ол жақта легионерлердің саны тым көп, ал енді олар дубльде ойнамақ. Шамасы, «Ертіске» нәтиже ондай маңызды емес шығар, бірақ бізге осы легионерлерге бәсекелес бола алатын футболшыларды тәрбиелеу маңыздырақ», - деді Шевченко клуб баспасөз-қызметіне берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или