Шейк Диабате жарақат алып, «Қайратқа» қарсы ойнамайды

Франциялық «Бордоның» шабуылшысы Шейк Диабате Еуропа лигасындағы «Қайратқа» қарсы қарымта матчқа қатыса алмайды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

22 тамызда кезекті жаттығулардың бірінде Шейк жарақат алып қалған. Дәрігерлердің тексерісінен кейін, малилік форвардтың оң жамбасының бұлшық еті зақымданғаны белгілі болды. Бұл туралы бордолық клубтың ресми сайты мәлім етті.

Айта кетейік, Диабате былтыр Франция чемпионатының 15 матчында 8 гол салып, «Бордоның» бомбардирі атанған болатын. Үстіміздегі жылдың қаңтарында 27 жастағы ойыншыға ота жасалып, нәтижесінде сол маусымды алаңға шықпаған. 2015/2016 жылғы маусымда форвард үш матчқа қатысты.

Естеріңізге сала кетсек, «Қайрат» - «Бордо» арасындағы қарымта матч 27 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді. Басталуы – Астана уақытымен 00:45. Ойынды «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Алғашқы ойында алматылық ұжым жирондықтардан 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или