Жұмағұловты жеңген файтер Азат Мақсұмға сес көрсетті

Америкалық UFC файтері Джошуа Ван қазақстандық Азат Мақсұммен тамыз немесе қыркүйекте жекпе-жек өткізгісі кледі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Азат Ванға 21 қазанда Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін турнирде жұдырықтасуды ұсынған, бірақ америкалық басқа уақыт ұсынып отыр.
«Азат Мақсұм мені жекпе-жекке шақырды. Оны тамызда немесе қыркүйекте жеңемін?», деп жазды Ван Instagram парақшасында жазды.
Айта кетейік, маусымда Джошуа Ван қазақстандық Жалғас Жұмағұловты (14-9) төрешілер шешімімен жеңді.
