«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы ойыншысы Қазақстан чемпионатының деңгейін жоғары бағалады
«Тобылдың» жаңа бас директоры Андрей Канчельскис Қазақстан чемпионатын басқа еуропалық лигалармен салыстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен Шотландияда ойнадым. Бар болғаны екі команда. Қазақстан чемпионаты көптеген лигаларды4 деңгейінен жоғары деп ойлаймын. Жақсы ойыншылар бар», - деді Канчельскис.
Еске салайық, кезінде танымал футболшы қостанайлық клубтың тізгінін жақына ұстаған еді. Ойындық мансабында ол украиндық және ресейлік клубтарда, ағылшындық «Манчестер Юнайтед», «Эвертон», «Саутгемптон» және «Манчестер Сити», итальяндық «Фиорентина», шотландиялық «Рейнджерс» клубтарында, сондай-ақ Сауд Арабиясының «Аль-Хилал» клубтарында өнер көрсетті. Кәсіпқой мансабын аяқтағаннан кейін Ресей, Латвия және Өзбекстан чемпионаттарының командаларында жұмыс істеді.