Вилли Саньоль: «Бір голдан көп соға алмағанымыз ұят»

«Бордоның» бас бапкері Вилли Саньоль «Қайратты» ірі есеппен ұтуға болатынын айтты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Бір голдан көп соға алмағанымыз ұят. Екі-үш жүз пайыздық гол соғатын мүмкіндімізді жүзеге асыра алмадық. Соңғы 30 минутта «Қайраттың» ойыншылары шаршап қалды. Сол кезде есепті еселеу керек еді. Бірақ ойыншыларыма дәлдік жетіспеді. Бұған қоса жарақаттарына байланысты ойынға бірқатар футболшылар қатыса алмады. Дегенменде, жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Алматыда оңай болмайтыны анық», - деді Саньоль topmercato.com. сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, кеше алматылық команда сырт алаңда «Бордодан» 0:1 есебімен ұтылды. Енді қарымта кездесу тамыздың 27-і, Алматының Орталық стадионында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или