Владимир Вайсс: «Топтық кезеңге шығу мүмкіндігімізді сақтап қалдық»

Владимир Вайсс: «Топтық кезеңге шығу мүмкіндігімізді сақтап қалдық»

«Қайраттың» бас бапкері Владимир Вайсс «Бордомен» (0:1) өткен ойын жайлы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Алаң қожайындары әділетті жеңіске жетті. Ең бастысы топтық кезеңге шығатын мүмкіндігімізді сақтап қалдық. Футболда бәрі мүмкін, «Бордоның» тәжірибелі команда екенін байқадық. Меніңше, Франция біріншілігі әлемдегі ең үздік чемпионаттардың төрттігіне енеді. Бүгін бар күшімізді салдық, бірақ гол соға алмадық. Әйтсе де 1:0 есебі біз үшін қолайлы нәтиже. Бүгін қосалқы құрамнан төрт ойыншы негізгі құрамда шықты. Әсіресе Қуаттың ойыны маған ұнады. Қарымта ойынға Маркович қатыса алады. Алматыда биылғы маусымдағы ең әдемі ойынымызды көрсетуге тырысамыз», - деді Вайсс.

Естеріңізге сала кетсек, алматылық «Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңі аясында сырт алаңда «Бордодан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или