Роналду Гиннестің рекордтар кітабына енді
«Аль-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду 2023 жылы ең көп жалақы алатын спортшы ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.
2023 жылғы 1 мамырға дейінгі 12 айда Роналду 136 миллион доллар табыс тауып, 2022 жылы Forbes рейтингінде көш бастаған аргентиналық футболшы Лионель Мессиден озды.
Роналдудың рекордтық табысының 46 миллионы алаңда өнер көрсеткені үшін, қалған 90 миллионы алаңнан тыс табыс.
Бір жылда ең көп табыс тапқан спортшылар тізімінде тағы екі футболшы бар: аргентиналық Лионель Месси (130 млн доллар) және франциялық Килиан Мбаппе (120 млн доллар).
Баскетболшы Леброн Джеймс 119 миллион доллармен төртінші орын алса, боксшы Сауль Альварес 110 миллион доллармен бесінші орынды иеленді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или