«Бордо» - «Қайрат» 1:0. «Жирондықтардың» жиіркенішті ойыны, «Қайраттың» қайратсыздығы

«Бордо» - «Қайрат» 1:0. «Жирондықтардың» жиіркенішті ойыны, «Қайраттың» қайратсыздығы

Еуропа Лигасының плей-офф кезеңінде алматылық «Қайрат» сырт алаңда франциялық «Бордо» командасынан 1:0 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды  «PROСПОРТ».

Алаң иелері ойынды қарқынды бастады, алғашқы соққыны да жирондықтар жасады. 6-шы минутта Тенин Поконың пасынан кейін соққы жасауға ыңғайлы сәтін пайдала алған жоқ. Бірер минут өткеннен кейін Владимир Вайсстың шәкірттері де қауіпті соққымен жауап қайтарды. Исаэлдің айыпсоққысы қақпашы Приор қайтарды. Алғашқы он минуттық аяқталар тұста «Бордо» ойыншысы Контенто жарақат алып қалып, алаңнан кетуге мәжбүр болды. Ойынға тыңнан қосылған Бурдженің 18-ші минутта жасаған соққысы қауіпті болды, алайда Плотников өз орнында. 27-ші минутта алаң иелері есепті ашып кетті. Шабуылға сол қапталдан қосылған Хазри доппен бірге айып алаңына қарай ойысып барып, жойқын соққы жасады. Оның тепкен добы қақпаның тура тоғыздығына дөп түсіп, стадионды бір шулатты. Жарты сағат өткенде Гоу мен Исаэл әдемі комбинация жасап, нүктені бразилиялық футболшы қою керек болған. Бірақ Исаэлдің тепкен добы тым жойқын болып, қақпа бағанасынан биік кетті. Бірінші таймның соңғы қауіпті сәтін алаң иелері жасады. Севениннің айыпдобынан тепкен соққысы қақпа бағанасына тиіп, кері қайтты.

Екінші таймды «Қайрат» ойыншылары жақсырақ бастады. Біртіндеп допқа иелік етіп, шабуылға белсене араласа бастады. Риераның есеп ашатын қос бірдей мүмкіндігі болды. Бірде қақпашы кедергі келтірсе, енді бірде испандық футболшының өзі қателесті. Бүгін Исаэлдің жолы болар емес. 56-ші минутта айып алаңынан соққы жасап еді, қиыс кетті. 60-ші минутта  «Бордо» футболшыларының есепті еселейтін мүмкіндігі болды. Поко Плотниковпен жеке дара шығып тұрып, қақпаның бағанасына дөп тиді. «Қайрат» қорғаушыларының өрескел қателігенен кейін Роланның жасаған жойқын соққысын Плотников қайтара білді. Ойынның соңына таман қос команда футболшыларының шаршағандығы байқалды. Гол соғудан бұрынғ гол жіберіп алмаудың қамын жасады. Содан болу керек доп алаң ортасында ұзақ болды. Шабуылға бел буып, беріліп кетуге болмайтын еді қос командаға да. Тек ойынның соңғы минуттарында «жирондық» футболшының соққысын Плотников тамаша қайтарып, сейв жасады. Есеп – 1:0 алаң иелерінің пайдасына

Енді арада бір апта салып француздармен таулы Алматы қаласында кездесеміз.

«Бордо» (Франция) - «Қайрат» (Қазақстан) 1:0 (1:0)

Гол: Хазри 27

«Бордо»: Прьор, Контенто (Пундже,14), Паллуа, Ямбере, Жильбер, Траоре (Морис-Беле,71), Поко, Хазри, Ролан (Кривелли,85), Севе, Кизе-Телин

«Қайрат»: Плотников, Бруно Соарес, Гурман, Қуантаев, Қуат, Бакаев, Исламхан (Сержиньо,69), Исаэл, Тимощук (Рудосельский,90), Гоу, Риера (Деспотович,84)

Төрешілер: Хантер, Стори, Икин (Солтүстік Ирландия)

Ескертулер: Исламхан 45, Риера 79, Тимощук 85, Кривелли,88.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или