Саян Хамитжанов: «Футболда бәрі мүмкін»

«Астана» футбол клубының президенті Саян Хамитжанов АПОЭЛ-ге қарсы өткен матч жайлы өз пікірін айты, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Біріншіден, барша қазақстандықтарды үлкен жеңіспен құттықтаймын! Жанкүйерлердің қолдауы арқасында елордалық команда жеңіске жете алды. Екіншіден, «Астана» АПОЭЛ сияқты тәжірибелі командаға қарсы ойнай алатынын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Қазақ хандығының 550 жылдығына қарамастан бұл матчтың Астанада өтуіне ықпал еткен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Астана әкімі Әділбек Рыскелдіұлы Жақсыбековке көп алғыс айтамын.

Ойын туралы айтатын болсақ, қарымта кездесу ауыр болмақ. АПОЭЛ өз алаңында жақсы ойнайды, бұған қоса жанкүйерлері команданы алға жетелейді. Әйтсе де, футболда бәрі мүмкін. Соңына дейін ойнаймыз», - деді Саян Хамитжанов.

«Астана» ФК ресми сайтынан*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или