«Бордоның» шабуылшысы «Қайратқа» қарсы ойнамайды

«Бордоның» шабуылшысы «Қайратқа» қарсы ойнамайды

«Бордо» футбол клубының шабуылшысы Шейк Дьябате Еуропа лигасы аясындағы «Қайратқа» қарсы кездесуге қатыса алмайтын болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Малилік шабуылшы матч алдындағы жаттығуда жарақат алып, бас бапкер Вилли Саньольдің шешімімен бүгінгі ойынға қатысатын ойыншылардың тізімінен шығарылды.

Сондай-ақ, бүгін «Бордоға» жарақатына байланысты Грегори Сертич, Ярослав Плашил мен Седрик Карассо көмектесе алмайды.

Қос команда арасындағы ойын бүгін астана уақытымен сағат 00:30-да басталады. Кездесуді «Қазақстан» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или