«Қайрат» «Стад де Бордода» матч алдындағы жаттығуын өткізді

Алматылық «Қайрат» «Стад де Бордо» стадионында матч алдындағы жаттығуын өткізді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

Клубтың ресми сайтындағы ақпаратқа сенсек, қарсыласымыздың аренасы жақында ғана ашылған – үстіміздегі жылдың мамырында. 40 мың жанкүйер сыятын жаңа стадионда «Бордо» мен Франция құрамасы өз ойындарын өткізеді. Сонымен қатар, келесі жылы «Стад де Бордода» Еуропа чемпионатының матчтары өтеді деп жоспарланған.

Стадионның сыртқа құрылымы футбол аренасына ұқсамайды, көбі «Стад де Бордоның» архитектурасы оғаш көрінетінін айтады. Алайда аренаның өзінде ешқандай мін жоқ – көгалы жақсы, трибунасы мен жалпы инфрақұрылымы қолайлы.

Стадионнан бөлек ауа-райы да қолайлы болып тұр, Бордода қазір күн жылы, дәл қазір ауа-райы футбол ойнауға ыңғайлы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или