Әліптің командасы «Фенербахчені» пенальти сериясында жеңді

Әліптің командасы «Фенербахчені» пенальти сериясында жеңді

«Зенит» PARI Премьер кубогы жолдастық турнирі аясында түркиялық «Фенербахчені» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Санкт-Петербургтегі «Газпром Аренада» өтті, матчты 35 мың көрермен тамашалады.

Матчтың негізгі уақыты 0:0 есебімен тең аяқталды. Ал пенальти сериясында «Зенит» ойыншыларының жолы болды, есеп — 4:3.

«Зенит» сапында өнер көрсететін Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп 62-минутта алаңға шықты.

«Зенит» осы турнирдегі үшінші ойынын өткізді. Бұған дейін олар әзербайжандық «Нефтчи» командасын 3:1 есебімен жеңіп, сербиялық «Црвена Звездадан» 1:2 есебімен жеңілген. Ал «Фенербахче» турнирдегі алғашқы кездесуін өткізді.

Қазір «Црвена Звезда» турнирлік кестеде бірінші орында (алты ұпай) тұр. Сербиялық команда екі кездесуде де жеңіске жетті. «Зенит» төрт ұпаймен екінші орында. Турнирдің аяқталуына екі матч қалды: «Црвена Звезда» — «Фенербахче» и «Нефтчи» — «Фенербахче».

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или