Адиев Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізуге қарсы емес екенін айтты
Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізу мүмкіндігі бар-жоғын айтты, деп жазады Prosports.kz сайты РБ Спорт-қа сілтеме жасап.
2022 жылы Ресей мен Қазақстан арасында жолдастық кездесу өткізу мүмкіндігі қарастырылған, бірақ тараптар келісімге келе алмады. Қазір Ресейдің барлық командасы саяси себептермен ФИФА және УЕФА аясында өтетін ресми турнирлерге қатыса алмайды.
— Биыл жолдастық ойын күнтізбеге сыймайды, өйткені алда әлі алты ресми кездесуіміз бар. Сондықтан келер жылдың басында ғана ойнауға болады, - деді жаттықтырушы.
— Осындай ойын өткізгіңіз келе ме?
— Мүмкіндік болса, неге өткізбеске? Мықты қарсыласпен ойнауды әрқашан қолдаймын. Ресей құрамасы — мықты команда.
Айта кетейік, 2023 жылдың соңына дейін Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында алты матч өткізеді: Финляндия (7 қыркүйек және 17 қазан), Солтүстік Ирландия (10 қыркүйек), Дания (10 қазан), Сан-Марино (17 қараша) және Словения (20 қараша).