«Ордабасының» жаңа футболшысы Қазақстан чемпионатының ең қымбат ойыншылары тізіміне енді

«Ордабасының» жаңа футболшысы Қазақстан чемпионатының ең қымбат ойыншылары тізіміне енді

«Ордабасы» футбол клубына қосылған Украина құрамасының шабуылшысы Артем Беседин Қазақстан чемпионатының ең қымбат ойыншысының бірі атанды.

Transfermarkt бағалауынша Артем Бесединнің нарықтағы құны 1,2 миллион еуро тұрады. Ол «Астана» ойыншысы Макс Эбонгпен бірге Қазақстан чемпионатының ең қымбат футболшылары тізімінде екінші орынды бөліп тұр.

Көш басында «Астананың» басқа ойыншысы - Демба Дарбо. Оны Transfermarkt 1,8 миллион еуроға бағалаған.

Айта кетейік, Артем Киевтің «Динамо» клубының түлегі. Кәсіпқой мансабын 2016 жылы бастап, украиналық команда сапында 143 мәрте алаңға шығып, 35 гол соққан.

«Динамо» сапында Беседин Украинаның екі дүркін чемпионы, екі дүркін Суперкубоктың иегері және Кубоктың жеңімпазы атанды.

Халықаралық деңгейде Украина құрамасының сапында 19 матчқа қатысып, 2 гол соқты. Украинаның 16 жасқа дейінгі құрамасынан бастап барлық құрамаға шақырылған.

Сондай-ақ Артем мансабында Украинаның «Металлист» және Кипрдің «Омония» командаларында ойнаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или