русский язык

Украина құрамасының шабуылшысы «Ордабасыға» ауысты

Украина құрамасының шабуылшысы «Ордабасыға» ауысты

«Ордабасы» футбол клубы Украина құрамасының шабуылшысы Артем Бесединмен келісімшартқа отырды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады.

Артем Киевтің «Динамо» клубының түлегі. Кәсіпқой мансабын 2016 жылы бастап, украиналық команда сапында 143 мәрте алаңға шығып, 35 гол соққан.

«Динамо» сапында Беседин Украинаның екі дүркін чемпионы, екі дүркін Суперкубоктың иегері және Кубоктың жеңімпазы атанды.

Халықаралық деңгейде Украина құрамасының сапында 19 матчқа қатысып, 2 гол соқты. Украинаның 16 жасқа дейінгі құрамасынан бастап барлық құрамаға шақырылған.

Сондай-ақ Артем мансабында Украинаның «Металлист» және Кипрдің «Омония» командаларында ойнаған.

Қысқа ақпарат: Артём Беседин
Туған жылы: 1996 жылдың 31 наурызы
Азаматтығы: Украина
Алаңдағы позициясы: Шабуылшы
Бойы: 190

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;