«Астана» - «АПОЭЛ» ойынында жанкүйерлер саны бойынша рекорд тіркелді

«Астана» - «АПОЭЛ» ойынында жанкүйерлер саны бойынша рекорд тіркелді

Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі «Астана» мен «АПОЭЛ» арасындағы ойында жанкүйерлер саны бойынша ел клубтарының еурокубоктағы рекорды тіркелді. «Астана Аренада» өткен ойынға 30 000 жанкүйер жиналды.

Жанкүйерлер ең көп жиналған еурокубоктағы барлық ойындар «Астана Арена» стадионында өткен. Осыған дейінгі бұл рекорд қарағандылық «Шахтер» еншісіне тиесілі болатын. «Кеншілердің» «Селтикке» қарсы ойынына 29 950 жанкүйер жиналған еді. Үштікті де осы маусымдағы «Астана» мен «ХИК» ойыны түйіндеп отыр.

Еурокубоктағы ең көп жанкүйерлер жиналған кездесулер:

1.​ «Астана» (Астана) — АПОЭЛ (Кипр). «Астана Арена». 30 000 жанкүйер;

2.​ «Шахтёр» (Қарағанды) — «Селтик» (Шотландия). «Астана Арена» 29 950 жанкүйер;

3.​ «Астана» (Астана) — ХИК (Финляндия). «Астана Арена» 27 937 жанкүйер;

4.​ «Астана» (Астана) — «Вильярреал» (Испания). «Астана Арена» 27 500 жанкүйер;

5.​ «Астана» (Астана) — «Марибор» (Словения). «Астана Арена» 23 650 жанкүйер.

Массагет.кз сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или