Домингуш Пасьенсия: «Жеңiлуiмiзге стадиондағы жасанды алаң да әсер еттi»

АПОЭЛ футбол командасының бас жаттықтырушысы Домингуш Пасьенсия бүгінгі ойыннан кейiнгi баспасөз мәслихатында шәкірттерінің Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта «Астанадан» жеңіліп қалуына жасанды алаңды кінәлады.

Ол кипрлік командаға астаналықтардың соққан голы да әсер еткенiн жасырмады.

«Ойынды дұрыс бастамадық, оны мойындаймын. Алайда, бiздi дұрыс жаттықпаған деген сөзбен келiсе алмаймын. Көптеген қауiптi сәттер туындатқанымызбен, қақпаға допты дәл тебе алмадық. Ендi осы бағытта көп жұмыс жүргiзiп, шыңдала түсеміз. «Астана» 1:0 есебiмен жеңдi. Алайда, бұл олардың Чемпиондар лигасының топтық кезеңiне өтуiне кепiлдiк емес. Себебi, тағы бір рет кездесеміз. Бiздiң де өз жанкүйерлерiмiз бар. Айта кету керек, АПОЭЛ-дiң жеңiлуiне стадиондағы жасанды алаң да әсер еттi», - деген пiкiр бiлдiрдi Д.Пасьенсия.

«Астана» футбол командасының бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов бүгiнгi ойынға өз бағасын бердi.

«Бүгiн өте күрделi, өте ауыр және тактикалық ойын болды. Қуанышымызға орай бiр гол соғып, жеңiске жеттiк. Бiріншi таймда есепті еселеуге бірнеше мүмкіндік болды. Екiншi таймда бiз жақсы қорғана бiлдiк. Жауапты ойын бұдан да ауыр әрi күрделi болатыны белгiлi. Кипрліктер өз алаңдарында өте жақсы ойын көрсететiнi белгiлi», - дедi бас жаттықтырушы.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или