Сәт сапар, «Қайрат»! Жолда талма!

Еуропа лигасы плэй-офф кезеңінде алматылық «Қайратқа» Бордо қаласына жету үшін 5974 шақырымды артта қалдырды. Осы тұста УЕФА-ның ресми сайты еурокубоктағы географиялық рекордтарды естеріне түсірген. «PROСПОРТ» тілшісі оқырмандарына мақалада келтірілген ең ұзақ сапарларды ұсынады.

«Қайраттың» Бордоға барар сапары УЕФА клубтық турнирлеріндегі ең ұзақ жол ретінде тіркелмек. Осындай қызықты рекордтар тізімінде қазақстандық бірнеше клубтың атауы бар.

Еурокубоктағы бұрынғы ең алыс сапар

«Қайрат» - «Абердин» 2:1

«Абердин» – «Кайрат» 1:1

УЕФА Еуропа лигасы-2015/16, үшінші електік кезең

«Абердиннің» 70-ке жуық жанкүйері командасын қалдау үшін сонау Шығысқа аттанды. Бес сағаттық белдеуден өту ойыншылар ағзасына кері әсер етпеу үшін, клуб чартерлік рейс жалдаған. Нәтижесінде екі ойынның қорытындысы бойынша «Қайраттың» жеңімпаз атануы үлкен әсер қалдырды. Себебі команда Абердинге жету үшін жоспарланған уақыттан екі сағат кеш ұшты, оның үстіне, Шотландияға барар жолда екі рет қонған – Ресейде және Бельгияда.

Еурокубоктағы ең алыс сапар (негізгі кезең)

«АЗ Алкмаар» - «Шахтер» Қарағанды 1:0

УЕФА Еуропа лигасы-2013/14, топтық кезең

Еурокубоктың негізгі кезеңінде голландиялық клуб Алкмаардан Астанаға жету үшін 4418 шақырымды жолда қалдырып, жаңа рекорд орнатқан болатын. Қарымта матчта «Шахтер» рекордты жаңартып тастады, «кеншілер» Қарағанды мен Алкмаар арасында 4595 км сапар шекті.

Еуропалық клубтың ең алыс сапары

«Қайрат»

Футзалдан 2014/15 жылғы УЕФА Кубогының финалдық кезеңі

Ең алыс сапар «Қайрат» футзал клубының еншісіне жазылды. Лиссабонда УЕФА Кубогын жеңіп алғаннан кейін қазақстандық ұжым өз үйіне оралу үшін 6911 шақырымнан өтті. Дәл осындай қашықтықты Какау шәкірттері Португалияға жету үшін өткізген болатын. Дегенмен ұзақ жол алматылық команданың ойынына әсер етпеді. «Бұдан артық бақыт жоқ!» - деп қуанды Лео сәуірдегі финалда «Барселонадан» басым түскен соң.

Құрлықаралық кубоктағы ең алыс сапар

«Расинг» Авельянеда – «Селтик» 2:1

1960 пен 2004 жылдар арасында Еуропа мен Оңтүстік Американың үздік клубтары Құрлықаралық кубокта күш сынасқан болатын, осы турнир аясында ең ұзақ жолды, бізге жақсы таныс шотландиялық «Селтик» артта қалдырған екен. 1967 жылы Глазгодағы минималды жеңістен соң, команда қарымта ойын үшін 11304 шақырымды басып өтіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша бұл жұптың тағдырын үшінші ойын шешіп берді. Монтевидеода (Глазгодан 11236 км) өткен кездесуде аргентиналық «Расинг» 1:0 есебімен жеңіске жетті.

Міне, УЕФА-ның ресми сайтында осындай қызықты мәліметтер берілген. Байқасаңыздар, команданың қонақтағы нәтижесіне сапардың алыс болуы да ықпал етеді. Қанша дегенмен, ұзақ жол жүрсе, ойыншылардың шаршаңқы өнер көрсететіні анық жайт қой. Енді «Қайратқа» еурокубок тарихындағы ең алыс сапар жасау кезегі бұйырды. Сол сапар текке кетпей, қазақстандықтар үшін жақсы нәтижемен аяқталсын деп тілейік!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или