«Бешікташ» Зайнутдиновқа қызығушылық танытып отыр

«Бешікташ» Зайнутдиновқа қызығушылық танытып отыр

«Бешікташтың» спорт директоры Жейхун Казанчи ЦСКА-ның ойыншысы Бактиер Зайнутдиновты шақыруы мүмкін екенін мәлімдеді.

«Қазіргі таңда «көк паспорт» ережесіне байланысты келіссөз жүргізіп жатқан футболшыларымыз бар. ЦСКА-да ойнайтын қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов керек», - дейді клуб өкілі.

Айта кетейік, Бактиер Зайнутдинов ЦСКА-да 2020 жылдан беріп өнер көрсетіп келеді. Былтырғы маусымда 27 матчта алаңға шығып, 1 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или