Бірінші лигада «Елімай» көш басына шықты
Футболдан бірінші лига командалары арасында ел біріншілігінің 13-турында семейлік «Елімай» қайтадан көш басына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жолы семейлік клуб өз алаңында Шымкенттің «Оңтүстік академиясын» 5:2 есебімен тізе бүктірді. Олардың қатарынан Бека Кавтарадзе 10, 36, Ален Айманов 57, Максим Житнев 61, Арман Нүсіп 93-минутта гол соқса, оған шымкенттік клубтан Шадман Бәкіров 50, Әли Тұрғанов 82-минутта екі голмен жауап қайырды.
Аталған жеңістің нәтижесінде «Елімай» турнир кестесінде қайтадан бірінші орынға көтерілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или