Хвича Кварацхелия ең қатты қымбаттаған ойыншы атанды
«Наполи» мен Грузия ұлттық құрамасының вингері Хвича Кварацхелия өткен маусымда (2022 жылдың 1 шілдесінен 2023 жылдың 30 маусымына дейін) трансферлік құны ең көп өскен ойыншы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бір жыл бұрын беделді Тransfermarkt порталы грузинді 15 миллион еуроға бағаласа, қазір оның құны 85 миллион еуро (өсім 70 миллион) құрайды.
Рейтингтегі екінші орын «Брайтонның» эквадорлық жартылай қорғаушысы Мойзес Кайседоға бұйырды. Оңтүстік Америка ойыншысының құны 6 миллионнан 75 миллион еуроға дейін өсті. Үздік үштікті «Челсидің» жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес түйіндеді - 15 миллионнан 80 миллион еуроға дейін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или