«Әл-Наср» Роналдудың ұсынысы бойынша жаңа бас бапкер таңдады
«Ботафого» бас бапкері Луиш Каштру Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубын басқарады, деп хабарлайды Prosports.kz.
ESPN мәліметінше, тараптар тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігімен екі жылдық келісімшарт жасаспақ. Сауд арабиялық клуб маман үшін бразилиялық клубқа 2,3 миллион еуро төлейді.
«Әл-Наср» бапкерді шабуылшы Криштиану Роналдудың ұсынысымен таңдағаны атап өтілген. Португалиялық спортшы отандасымен келіссөздерге қатысқан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или