«Зенит» — «Нефтчи» матчының тікелей трансляциясы
1 шілдеде Pari Премьер кубогының алғашқы матчы өтеді, онда Санкт-Петербургтің «Зениті» мен Бакудің «Нефтчи» командасы кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарысқа бұлардан бөлек түркиялық «Фенербахче» мен сербиялық «Црвена Звезда» қатысады.
Ойындар Санкт-Петербургте – «Газпром Арена» мен «Смена» стадионында өтеді.
Кездесу Астана уақытымен 22:30-да басталады. Ойынды <span>Матч ТВ</span> телеарнасы көрсетеді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп «Зенит» сапында өнер көрсетеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или