«Астана»-«Атырау» матчы 28-ші қазан күні өтеді

Қазақстан Премьер-лигасының 24-ші турына жоспарланған «Астана» мен «Атырау» арасындағы ойынның өту мерзімі өзгертілді, деп хабарлайды «PROСПОРТ».

«Елордалық клубтың Чемпиондар лигасына қатысуына байланысты «Астана» мен «Атырау» арасындағы ойын тамыздың 22-нен қазанның 28-не ауыстырылды.

«Атырау» футбол клубы АПОЭЛ-ге қарсы кездесуде «Астанаға» сәттілік тілейді», - деп жазады атыраулық клубтың ресми сайты.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі аясында «Астана» өз алаңында кипрлік АПОЭЛ-ді қабылдайды. Матчтың басталу уақыты – 22:00.

Қарымта кездесу тамыздың 26-ы, Никосия қаласында өтеді. Қос матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или