10 жылға сотталуы мүмкін: Польшада ресейлік хоккейшіге тыңшы деген айып тағылды

10 жылға сотталуы мүмкін: Польшада ресейлік хоккейшіге тыңшы деген айып тағылды

Ресейлік хоккейші тыңшы деген айыппен Польшада ұсталды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап. 

Бұл жайында Польша әділет министрі, бас прокуроры Збигнев Зебро айтты.

Польша билігі Ресей, Беларусь және Польша азаматтары ішінен «ресейлік тыңшылар» ұсталып жатқанын хабарлады.

«Ресейлік тыңшылар арты-артынан ұсталып жатыр! Бас прокуратура мен Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің тергеушілері кезекті рет табысты жұмыс істеді. Спортшы болып жүрген тыңшы ұсталды», - деп жазды Зебро Twitter-де.

Оның айтуынша, ұсталған ресейлік «Бірінші лигадағы хоккей клубында ойнаған». Ол енді 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или