ГЛАВНАЯ
Головкин Қазақстанда өтуі ықтимал жекпе-жегі бойынша келіссөзді бастады
Головкин Қазақстанда өтуі ықтимал жекпе-жегі бойынша келіссөзді бастады
Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, 41 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) 34 жастағы британдық Джон Райдермен (32-6, 18 КО) жекпе-жек өткізу жөнінде келіссөзді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Райдермен сұхбаттасқан GiveMeSport журналисі Чарли Симс мәлімдеді. Головкин жекпе-жекті Қазақстанда өткізуді ұсынған.
«Джон Райдермен жақсы әңгіме болды. Головкинмен келіссөздер басталды, Геннадий мырза кездесуді Қазақстанда өткізуді ұсынды», - деп хабарлады Симс.
Естеріңізге сала кетейік, Райдер мен Головкин соңғы жекпе-жектерінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен мексикалық Сауль «Канело» Альварестен (58-2-2, 39 КО) жеңілген еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или