«Астана» бапкері «Ордабасыға» қарсы матч жайлы ойын айтты
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян ел кубогы аясында өткен «Ордабасыға» қарсы ойынға қатысты пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz.
Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады.
– Ең алдымен жанкүйерлер үшін қызықты ойын болды. Бұл Кубоктың жартылай финалы екенін түсіндік, бізді мықты деген қарсыласпен екі ойын күтіп тұрғаны рас. Байқағаным, екі команда да матчты аса сақтықпен бастады, бірақ 25-минутта ашық футболға өтті. Ойынның сапасы туралы айтатын болсақ, жақсы кездесу болды. Екі команданы бөліп-жарып, біреуі жақсы болды деп айта алмаймын. Алаңда мүмкіндік көп болған позициялық күресті көрдік, біз соның бірін іске асыра алдық. Ең бастысы, ойыншылар жарақат алмады, қазір біз үшін өте маңыздысы осы.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или