«Барселона» Испания Суперкубогынан қағылды (видео)

«Барселона» Испания Суперкубогынан қағылды (видео)

Футболдан каталондық «Барселона» қос ойын қорытындысы бойынша бильбаолық «Атлетикке» есе жіберді. Нәтижесінде Луис Энрике шәкірттері Испания Суперкубогын иелене алмады.

Бильбаода өткен бірінші ойында жанкүйерлер күтпеген нәтиже тіркелген болатын. Қарымта ойында да «блауграна» қарсыластарын ұта алмады. «Камп Ноудағы» ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Бірінші тайм аяқталар тұста Лионель Месси алаң иелерін алға шығарғанмен, 74 минутта Адурис таразы басын теңестіріп кетті. Сондай-ақ, екі клуб сапынан да ойыншы қуылды. 56 минутта Жерар Пике алаң иелерін 10 ойыншымен қалдырса, кездесу аяқталар тұста қонақтар сапынан Кике Сола қызыл қағаз алды.

«Атлетик» өз тарихында Испания Суперкубогын екінші рет иеленіп отыр. Бильбаолық клуб соңғы рет 1974 жылы жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или