Қазақстан құрамасына үміткер «Шахтерге» ауысады
Қорғаушы Дінмұхаммед Қашкен мансабын Қарағандының «Шахтерында» жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жақын арада 23 жастағы футболшы қарағандылық команданың сапын толықтырады. Айта кетейік, Қашкен бұған дейін 2022 жылы бұл команда сапында ойнаған болатын.
Дінмұхаммедтің соңғы клубы «Жальгирис» болды, ол 2022 жылдан бері ойнап, Литва чемпионы және ел кубогының иегері атанды.
Сондай-ақ оның мансабында «Астана», «Қайсар», «Жетісу» және «Ақтөбе» болды. Бұған дейін футболшы Монаконың резервінде, сондай-ақ Мадридтің Атлетико жүйесінде сыналған болатын.
2022 жылдың ақпан айында ол Қазақстан құрамасы сапында ҚПЛ легионерлеріне қарсы бір бейресми ойын өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или