Вороговский күтпеген жерден Қазақстан чемпионатына оралатын болды

Вороговский күтпеген жерден Қазақстан чемпионатына оралатын болды

Қазақстан құрамасы мен бельгиялық «Моленбек» футболшысы Ян Вороговский «Астанаға» ауысуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

- Ян, Еуропада трансферлік терезе ашылып, біздің портал сіздің «Астанамен» келіссөз жүргізіп жатқаныңызды білді. Бұл ақпарат рас па?

- Иә, шынымен «Астана» қызығушылық танытты, жақын арада бұл клубпен келісімшартқа отырамын. «Моленбек» пен «Астана» арасындағы трансферлік мәселелер жақын арада шешіледі деп үміттенемін.

– Бірақ бұл нағыз сенсация! Сіздің клуб Бельгияның екінші лигасын жеңіп алды және жоғарғы дивизионға шықты. Деңгейі жоғары Бельгия чемпионатынан Қазақстанға неге ораласыз?

- Шешімдегі шешуші мотив «Астананың» тұрақты түрде Чемпиондар лигасында ойнауы болды, мен Еуропаның үздік клубтарымен ойнау мүмкіндігіне ие боламын. «Астана» сапында «Манчестер Юнайтед», «Спортинг» немесе «Атлетикомен» кездескім келеді. Ең беделді клубтық турнирде бақ сынағым келеді.

«Астанамен» қанша жылға келісімшартқа отырасыз?

– Саян Хамитжанов үш жарым жылға келісімшарт ұсынды. Жақын арада бәрі белгілі болады деп үміттенемін және мен алаңға «Астана» жейдесінде шығамын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или