Тоголық шабуылшы ҚПЛ клубына қосылды
Атакенттің «Мақтаарал» клубы тоголық шабуылшы Серж Нюадзидің ауысқаны туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұған дейін Франция, Болгария, Литва, Түркия, Румыния және Таиланд чемпионаттарында өнер көрсеткен Серж Нюадзи «Мақтааралға» қосылды.
Ол еліміздің үш командасында: «Тараз», «Каспий», «Ордабасы» сапында өнер көрсетіп, 25 гол соқты.
Қазіргі уақытта ол Того құрамасының шабуылшысы», - деп жазылған клуб мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Того құрамасының 31 жастағы шабуылшысының соңғы клубы тайландтық Ратчабури болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или